ӘДЕМІЛІК ӘЛІППЕСІ

Бет күтімі

«Құрметті «Денсаулық» журналының редакциясы! Мен майлы бет терісінің  күтімі туралы білсем деген едім»

Айжан,

Алматы қаласы

Тері майлы болған жағдайда оның саңылаулары кең болып келеді. Олар әсіресе мұрынның үстіңгі жағында ұлғая түседі. Маңдай, мұрын танауларында, иекте қара ноқаттар пайда болып, тері ұсқынсыздау, кірленген, түлеген болып көрінеді.

Майлы тері ұқыпты түрде тазартуды қажет етеді. Мұндай теріні аптасына бір рет ыстық сумен жуып, артынша мұздай сумен 2-3 рет шаю қажет.

Бетке қысқа мерзімге мұздай сумен әсер еткен кезде терінің жандану қасиеті жақсарып,  майлылығы азайып, тері тонусы артады, кеңейген торлары жиырылады. Теріні тазарту үшін иіс сабынды қолдануға болады.

Майлы теріні күту үшін созатын және дезинфекциялайтын заттар қажет. Бірақ оларды орынсыз қолдана беруге болмайды. Бетті тазарту үшін бадам майын пайдаланған абзал. Майлы тері үшін булы ваннаға түсіп, сулы шүберек басу керек  және теріні тазартып, нәрлендіру үшін түрлі маскаларды пайдаланудың пайдасы ұшан-теңіз.

Майлы теріге мынадай маскалар қолдануға болады:

  1. Қырыққабат жапырақтарын үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның ағын араластырып, бетіңізге жағасыз, 15-20 минуттан соң жылы сумен жуыңыз.
  2. Бір алманы үккіштен өткізіп, оған жұмыртқаның ағуызын қосып араластырып бетке қолданасыз. 15 минуттан соң жуып тастайсыз.
Белгілер (тэгтер)

Ұқсас мақалалар

Закрыть