COVID-19

Коронавирус инфекциясынан қорғанудың негізгі шаралары

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтынан алынған, сонымен қатар елдің денсаулық сақтау органдары ұсынатын COVID-19 короновирусы туралы соңғы ақпараттарды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

COVID-19 бүгінде бүкіл әлемге тарап, біздің елімізге де жетіп үлгерді. Бүгінгі күні коронавирус салдарынан болған өлім-жітім ең көп тіркелген елдер – Қытай, Италия, Иран, Испания.

Көбіне, яғни 80 пайызға жуық жағдайда, аурудың ағымы жеңіл болады және науқастар сауығып кетеді, дегенмен ауыр түрдегі асқынулары да бар. Аталған асқынулар негізінен 60 жастан асқан қарттарда, түрлі созылмалы аурулары бар адамдарда байқалуда. Мұндай асқынулардың басым бөлігі өлімге соқтырып жатыр. 

Сіз өзіңіздің және өзгелердің денсаулығын

келесі ережелерді сақтай отырып қорғай аласыз:

Қолыңызды жиі жуыңыз

Қолдарыңызды сабындап жуыңыз немесе құрамында спирті бар өніммен өңдеңіз. Бұл не үшін қажет? Егер қолда  вирус болса, қолды жиі жуу және спирті бар өніммен өңдеу арқылы вирусты өлтіресіз.

Адам көп жиналатын жерлерде қашықтықты сақтаңыз

Адамдардан, әсіресе жөтелген, түшкірген немесе қызбасы бар адамдардан,   кемінде 1 метр алыс тұрыңыз. Бұл не үшін қажет? Жөтел немесе түшкіру кезінде тыныс алу жолында инфекциясы, мысалы, COVID-19 бар адам, вирусы бар тамшыларды айналасына таратады. Егер сіз мұндай адамға тым жақын тұрсаңыз, вирус ауа арқылы тәніңізге енеді.

Мүмкіндігінше, қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға тигізбеңіз.

Бұл не үшін қажет? Қол вирусы бар көптеген жерлерге тиюі мүмкін, сондықтан оның бетінде вирус болуы ғажап емес. Инфекция бар қолды көзге, мұрынға немесе ауызға тигізу вирусты денеге таратуы мүмкін.

Респираторлық гигиенаны сақтаңыз

Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңызды және мұрныңызды майлықпен    немесе шынтақ буынымен жабыңыз. Майлықты бірден қақпағы бар қоқыс контейнеріне тастаңыз және қолыңызды құрамында спирті бар антисептикпен өңдеңіз немесе сабындап жуыңыз. Бұл не үшін қажет? Жөтелгенде, түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу вирустар мен басқа қоздырғыштардың таралуына жол бермейді. Егер  жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрныңыз бен аузыңызды қолыңызбен жапсаңыз, микробтар қолыңызға, содан кейін сіз ұстаған заттарға түсуі немесе адамдарға жұғуы мүмкін.

Егер сізде қызба, жөтел болса немесе тыныс алуыңыз қиындаса,  тез арада медициналық көмекке жүгініңіз

Егер сіз Қытайда COVID-19 тіркелген жерде болсаңыз немесе Қытайға сапардан кейін тыныс жолдары сырқаттарының белгілері бар адаммен байланыста болсаңыз, дәрігерге хабарлаңыз. Бұл не үшін қажет? Қызба, жөтел және тыныс алудың қиындауы жедел медициналық көмекке жүгінуді қажет етеді, өйткені олар тыныс алу жолдарының инфекциясы немесе басқа ауыр сырқаттардан туындауы мүмкін.  

Соңғы ақпаратты қадағалап, медицина мамандарының ұсыныстарын орындаңыз

COVID-19 туралы соңғы ақпараттардан хабардар болыңыз. Өзіңізді және өзгелерді COVID-19-дан қорғау үшін мамандардың, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ сіз жұмыс істейтін ұйымның ұсыныстарын орындаңыз. Бұл не үшін қажет? Жергілікті денсаулық сақтау органдарында сіздің аймағыңыздағы COVID-19 динамикасы туралы ең соңғы ақпарат бар. Сондықтан олар сіздің аймағыңыздағы адамдар үшін ең қолайлы жеке қорғаныс шараларын ұсынады.

Жақында (соңғы 14 күнде) COVID-19 таралған жерлерде болған адамдарға арналған жеке қорғаныс шаралары

  • Жоғарыдағы ұсыныстарды орындаңыз.

— Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, тіпті бас ауруы немесе мұрыннан су ағу  сияқты жеңіл белгілер болса да, сауыққанша үйде болыңыз. Бұл не үшін қажет? Сіз басқалармен байланыс жасамай, медициналық мекемелерге бармай, бұл мекемелерге тиімді жұмыс істеуге және өзіңізді және басқаларды COVID-19 немесе басқа вирустық инфекциялардан қорғауға көмектесесіз.

— Егер қызба, жөтел байқалса немесе тыныс алу қиындаса, медициналық көмекке жүгінуді кешіктірмеңіз. Өйткені бұл белгілер тыныс алу жолдарының инфекциясы немесе басқа ауыр сырқаттарға байланысты болуы мүмкін. Алдымен медициналық көмекке хабарласыңыз және жақында болған сапарлар немесе байланыстар туралы айтыңыз. Бұл не үшін қажет? Телефон арқылы медициналық көмекке жүгіну мамандарға сізге қажетті медициналық мекемеге тез арада жүгінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл COVID-19 және басқа вирустық инфекциялардың таралуын болдырмауға көмектеседі.

Белгілер (тэгтер)
Закрыть