ДӘМ - ДӘРУ

Зәйтүн жемісі

Зәйтүн жемісі – жақсы тіскебасар. Оның 100 грамында бар болғаны 150 ккал бар.Зәйтүн жемісінде жасұнық, дәрумендер мен минаралдар мол. Диетологтар күніне 7 зәйтүн жеуге кеңес береді.

Зәйтүннің түсі оның өскен аймағына және пісу дәрежесіне байланысты. Түсі жасылдан бастап қызғылт қара түске дейін ауытқи береді. Табиғи ащы дәмін жою үшін оксидтелген жағдайда, ол қою қара түске боялады.  

Бір зәйтүн ағашында 15-50 кг жеміс піседі. Бір литр зәйтүн майын алу үшін 5 кг жеміс керек.

Зәйтүн жемісінде тәтті, ащы дәм, тұз бен қышқыл үйлесімді біріккен. Ол – салатқа да, пиццаға да, түрлі сусындар мен десерттерге де қосыла беретін әмбебап өнім.

Зәйтүн жемісінің бір сұрыбы қалбырлау және тұздау үшін, бір сұрыбы май өндіру үшін өсіріледі. Тым ащы болғандықтан, зәйтүнді ағаштан үзіп алып жеу мүмкін емес. Сондықтан оларды алдымен суға салып қояды,сосын зиремен, лимонмен, апельсинмен, пиязбен немесе сарымсақпен маринадтайды немесе тұздайды.

Зәйтүн жемісінің ішіне бұрыш, арқан балық, бадам, пияз, сарымсақ, т.б. салады. Барлығы 80-ге жуық салма түрлері бар. Зәйтүн жемістері Азия мен Таяу Шығыста Неолит дәуірінің өзінде болған. Бүгінде олар Испанияда (жалпы көлемінің 16 пайызы), Италияда және Грекияда көп.

Белгілер (тэгтер)

Ұқсас мақалалар

Тағы оқыңыз

Закрыть
Закрыть