ДӘМ - ДӘРУ

Жүгері

Жүгерінің құрамында калий, магний микроэлементтері, крахмал, протеин, ниацин, фолацин, шипалы майлар, қант, минералды тұздар мен А, В, С, Е дәрумендері мол. Сондықтан оны жиі жесеңіз, жүрек-қан тамырларының ақаусыз жұмыс істеуіне көмектесесіз. Сонымен қатар холестерин мөлшері азаяды әрі ас қорыту ағзаларының қызметі жақсарады, теріге, шаштың өсуіне де оң ықпал етіп, қартаюды тежейді.

Әсіресе жүгері құрамындағы В дәрумені ұйқысыздық пен мазасыздыққа шипа болса, С дәрумені тәннің ауруға қарсы тұру қабілетін жақсартады. Ал Д дәрумені сүйекті қатайтады және тіс ауруларына мың да бір ем. Жүгеріні косметика, яғни бетке маска ретінде де пайдалануға болады. Ол теріні ағартады.

Егер бауырыңыз ауырса, жүгері шашағымен емделген жөн. Себебі ол бауырға арналған химиялық дәрілерге қарағанда әлдеқайда шипалды.

Жүгері шашағынан дәрі дайындау әдісі: алдымен жүгері шашағын қабығы мен жапырақтарынан ажыратып алу керек. Сосын шашақтарды қайнаған суға салып, шай сияқты демдейді. Дәрі дайын. Осы дәріні шай орнына ішіңіз. Емделу мерзімі сырқаттың түрі мен сипатына қарай 6 айдан 1 жылға дейін созылады.

Ескерту: жүгері піскен болуы шарт, піспеген жүгерінің емдік қасиеті болмайды.

Ә.Аймағамбеттегі, жоғары дәрежелі дәрігер.

Белгілер (тэгтер)

Ұқсас мақалалар

Закрыть