ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ

Ацидоз

Ацидоз – (латыншадан аударғанда acidus – қышқыл) органикалық қышқылдардың жеткілікті дәрежеде шығарылмауы және қышқылданбауы салдарынан организмнің қышқыл-сілтілік тепе-теңдігінің өзгеруі. Бұл заттар әдетте организмнен тез шығарылады. Безгекті сырқаттар, ішек бұзылыстары, жүктілік, ашығу, т.б. кезінде олар организмде тұрып қалады, сөйтіп несепте ацетон-сіркесу қышқылы мен ацетон пайда болады (ацетонурия), ал ауыр жағдайларда (мысалы, қант диабеті кезінде) комаға соқтыруы мүмкін.

Патогенезі

Ацидоз кезінде не болады?

Пайда болу механизмдеріне қарай 4 түрге бөлінеді:

  1. Респираторлық емес (метаболикалық) ацидоз;
  2. Респираторлық ацидоз;
  3. Респираторлық (метаболикалық) алкалоз;
  4. Респираторлық алкалоз.

Респираторлық емес ацидоз – қышқыл-негіздік ахуал бұзылысының ең жиі кездесетін және ауыр түрі. Оның негізінде қанда ұшпайтын қышқылдардың (сүт қышқылы, оксимай, ацетон-сіркесу, т.б.) жиналуы немесе организмнің буферлік негіздерден айырылуы жатады.

Белгілері

Ацидоздың негізгі белгілері көбіне негізгі ауру белгілерінің көлеңкесінде  жасырынады немесе олардан ажырату қиын. Жеңіл түрдегі ацидоз еш белгі бермеуі мүмкін немесе аздаған шаршағыштық, лоқсу, құсу байқалуы мүмкін. ауыр ацидоз кезінде (мысалы, рН 7,2-ден төмен және биокарбонат-иондар 10 мэкв/л төмен) гиперапноэ жиі. Бұл жағдайда алдымен тыныс алу тереңдігі, содан соң жиілігі ұлғаяды (Куссмауль тынысы). Жасушадан тыс сұйықтықтың азаю белгілері де байқалуы мүмкін. Бұл әсіресе диабеттік ацидоз немесе негіздерді асқазан-ішек жолы арқылы жоғалтқанда айқын байқалады. Ауыр түрдегі ацидоз кейде циркуляторлық шокқа алып келеді, өйткені миокардтың жиырылуы бұзылады, шеткі тамырлардың катехоламиндерге реакциясы нашарлайды.

Нақтамалануы

Ауыр ацидоз кезінде, плазмадағы биокарбонат-иондар өте аз болғанда, несептің рН-ы 5,5-тен төмен, қан рН-ы 7,35-тен төмен, НСО3 шоғырлануы 21 мэкв/л-ден төмен. Өкпе аурулары болмаған жағдайда, артериялық қандағы көміртек диоксидінің парциалдық қысымы 40 мм сын./бағ.-на жетпейді. Қарапайым метаболикалық ацидоз кезінде ол плазмадағы НСО3 деңгейінің әрбір мэкв/л төмендеуіне шамамен 1-1,3 мм сын,/бағ.-на азаюы мүмкін. Со3-нің қатты түсуі бір мезгілдегі біріншілік тыныс ацидозына меңзеуі мүмкін.

Метаболикалық ацидоздың көптеген түрлері анықталмайтын аниондардың көбеюімен сипатталады. Ацидоздың бұл түрі анықталмайтын аниондардың жиналуына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, бүйрек тапшылығы кезінде – сульфаттың, диабеттік немесе алкогольдік кетоацидоз кезінде кетондық денелердің, лактаттың немесе экзогенді уытты заттардың жиналуы. Анықталмайтын аниондар саны қалыпты метаболикалық ацидоз асқазан-ішек жолы немесе бүйректер арқылы биокарбонатты біріншілік  жоғалтумен байланысты болуы мүмкін.

Диабеттік ацидоз әдетте гипергликемиямен және кетонемиямен сипатталады. Гипергликемия және кетондық емес ацидоз кезінде қандағы сүт және/немесе р-гидромай қышқылы жоғары.

Егер несепте оксалат кристалдары болса, түсініксіз ацидоз кезінде этиленгликольмен улануға күдік пайда болуы тиіс.

Салицилаттармен улану алдымен тыныс алкалозымен, содан соң метаболикалық ацидозбен сипатталады.

Ацидоз көбіне гиповолемиямен қатар жүретіндіктен, көбіне жеңіл азотемия байқалады. Егер қан несепнәріндегі азот деңгейі айтарлықтай жоғарыласа, әсіресе бұл гипокальцемиямен және гиперфосфатемиямен қатар жүрсе, ацидоздың себебі – бүйрек тапшылығы деген сөз.          

Септикалық шок кезінде де кейде гипокальцемия байқалады. Лактоацидоз кезінде гиперкалиемия сирек ұшырасады (тек бүйрек тапшылығы  және/немесе тіндердің үдемелі ыдырауы болмаса).

Емі

Ацидозды емдеу үшін оны тудырған себепті жою, яғни ауруды емдеу қажет. Симптомдық емі – соданы ішке қабылдау, сұйықтықты мол ішу. Алайда сырқат кісіде қант диабеті болса, соданы пайдалануға болмайды.

Белгілер (тэгтер)

Ұқсас мақалалар

Закрыть