ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ

Дисгидроз

Бұл – тері бездерінің бітеліп, қызметінің бұзылуымен сипатталатын созылмалы тері ауруы. Ол экземаның бір түріне жатады.

Себептері

Бүгінде аурудың себептері белгісіз. Ол көбіне күз-көктем мезгілінде асқынады. Сондай-ақ дерттің өршуіне созылмалы сырқаттар, стрестер, теріге агрессивті химиялық заттардың жанасуы ықпел етеді.     

Белгілері

Сырқаттың белсенді кезеңі бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылады. Алдымен теріде везикулдар – көлемі түйреуіш басындай сулы жаралар пайда болады. Олар топтасып орналасады. Кейін біртіндеп бірігіп кетеді де эрозияланған (ірі не ұсақ қабыршақтануы) тері зақымдары, жарықтар пайда болады.

Жаралар көбіне қолдың ішкі беткейінде (саусақтардың бүйірлерінде, алақанда) және табанда пайда болады. Осымен бірге тері қышиды. Тері жарылғанда ауырсыну пайда болады.    

Тексеру

Дисгидроздық экземаны саңырауқұлақ жұқпаларынан ажырата нақтамалау керек. Кейде бұл екі сырқат қатар жүруі мүмкін. Сондай-ақ дисгидрозды дерматит, нейродермит, псориаз, қышыма секілді сырқаттардан ажырата білу керек. Бұны, әрине, білікті дәрігер білуге міндетті.   

Нақтама сырқат кісіні қараған кезде қойылады. Міндетті түрде саңырауқұлақтың бар-жоғын анықтау үшін жұғынды алынады. Созылмалы сырқаттарды анықтау үшін іш құрылысты да тексерткен артық болмайды.

Емі

Дисгидроз емінде анилин бояғыштары (фукарцин) қолданылады. Бұлар аурудың бастапқы кезеңінде жақсы көмектеседі. теріге жағу үшін түрлі гормондық дәрігер тағайындалады. Сондай-ақ ішуге антигистаминдік, десенсибилизациялық дәрі-дәрмектер қолданылады.  

Сонымен қатар емдәм сақтау да маңызды. Атап айтқанда, сутегілерді (қанттарды), спиртті ішімдіктерді, аллергия шақыратын тағамдарды (кофе, шоколад, цитрустар, жұмыртқа, қызанақ) тұтынуға болмайды. Қолды балалар сабынымен жуған және мұқият сүрткен жөн. Агрессивті заттарды – кір жуу ұнтағын, жуу құралдарын ұстауға болмайды.

Аурудың емі ұзақ. Асқынған кезде түрлі жұмсартқыш және дәруменді жақпамайлар, кремдер, халық емі қолданылады. Олар теріні қоректендіреді, қабынуды жояды, жараларды жазады. Емен қабығынан, түймедақтан, мыңжапырақтан, т.б. зақымдалған жерлерге – қолға не аяққа бұлау жасайды. Бұлар негізгі еммен қатар жақсы көмектеседі.    

Асқынуы

Дисгидроздық экземаның асқынуы қышыған теріні қасу нәтижесінде екіншілік жұқпаның жұғып, іріңді жаралардың пайда болуына байланысты. Ауруды басқа сырқаттардан ажырата нақтамалаудың тіпті мамандар үшін де қиын екенін айттық. Ал дертті өздігінше емдейтін болсаңыз, жағдайыңыз мүлде қиындап кетуі ғажап емес. Сондықтан тек дәрігерге қаралып, оның кеңестерін бұлжытпай орындаңыз.   

исгидроздық экземаның асқынуы қышыған теріні қасу нәтижесінде екіншілік жұқпаның жұғып, іріңді жаралардың пайда болуына байланысты. Ауруды басқа сырқаттардан ажырата нақтамалаудың тіпті мамандар үшін де қиын екенін айттық. Ал дертті өздігінше емдейтін болсаңыз, жағдайыңыз мүлде қиындап кетуі ғажап емес. Сондықтан тек дәрігерге қаралып, оның кеңестерін бұлжытпай орындаңыз.   

Алдын алу

Бұл сырқаттың алдын алу үшін дұрыс тамақтану, қол-аяқты күту, созылмалы ауруларды асқындырмай емдеу керек.

А.Берденқызы, тері дәрігері

Белгілер (тэгтер)

Ұқсас мақалалар

Закрыть