ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ

Паразиттер

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде жылына он миллионнан астам адамға паразиттер жұғады. Олардың 95%-ы өзінде гельминттер бар екендігін білмейді де. Дәл осы ұйымның зерттеулері бойынша, әлемде 1 жылда 50 миллион адам өлетін болса, соның 16 миллионының себебі – паразитарлық инфекция. Гельминтоздар таралуы жөнінен үшінші орында.

Сонда ағзамызда паразиттердің бар екенін қалай білеміз? Терідегі безеулер, себорея, терінің майлылығы, ондағы дақтар, папиллома, өкшенің жарылуы, тырнақтың сынғыштығы, ұйқы кезніде қорылдау, сілекейдің ағуы, іш қату, созылмалы инфекциялар ошағы, ішек дисбактериозы, буындардың ісінуі, аденоидтар, полиптер, өкпе, қуық қабынуы, бүйректе, өт қабында тас пайда болуы, зат алмасуының бұзылуы, диабет алды өзгерістер, холестериннің жоғарғы деңгейі – осының бәрі паразитарлық уыттың әсері. Созылмалы паразиттер уыты жүйке жүйесіне әсер етеді: апатия, суицид, агрессия және т.б.  Әйелдерде: жыныс ағзаларының қабынуы, етеккірдің ауыр өтуі, қан кету, етеккір айналымының бұзылуы, бедеулік, ісіктер: фибромалар, миомалар, фиброзды-кистозды мастопатия, кеуде, қуық обыры. Ерлерде: простатит, белсіздік, қуықасты безінің аденомасы және т.б. Созылмалы гельминтоздарға ағзаны біртіндеп улау мен қаназдық тән (ДДСҰ мәліметі бойынша 80% тұрғындарда қаназдық кездеседі). Паразиттер денелерінен фенол, формальдегид, аммоний сияқты улы заттарды бөліп, уытты әсер етеді. Балалар балабақшада еденде ойнап жүріп, бассейндерде шомылғанда, острица құртын жұқтырса, энтеробиоз кезінде жиі аллергиялық көріністер байқалады. Сондай-ақ пазиттер өсіп-өну үшін адам ағзасындағы микроэлементтерді пайдаланады. Олардың жетіспеушілігі иммундық жүйені нашарлатып, әртүрлі сырқаттарға алып келеді.

Аскарида. Ересек күйінде ішекте жиналып қалса, ішек өткізбеушілігі дамиды, олар асқазан, өңеш, жұтқыншақ  арқылы өтіп, баспа, аденоидтар, полип, гайморит сияқты ауруларды тудырады.

Описторх. Өт жолдарында, ұйқы безі түтіктерінде кездеседі. Теріде аллергиялық реакциялар, улану байқалады. Дене қызуы көтерілуі мүмкін, бұлшық еттер мен буындар ісінеді, құсу, іш өту байқалады. Панкреатит, холангит, өт қабы обыры, бауыр циррозы дамиды. Қаназдық, эозинофилия көрінеді.

Шистосомалар. Ерекшелігі жұмыртқаларын көктамыр қуыстарына салады, сондықтан қантамырларды тарылтып, қысады. Аллергия дамиды: науқастың терісі қызарып, қышиды, бауыры ісінеді, өкпеде эозинофилді экссудаттар пайда болады. Зәр шығару жолдары, жыныс жүйелерінде аурулар пайда болады.

Альвеококкоз – ауыр паразиттік ауру. Бауырда көптеген жылауықтар пайда болады. Бұл сырқат ісік ауруына ұқсас. УДЗ-да бауырдың ұлғаюы, қанда – эозинофилия байқалады.

Трихинелла. Трихинеллез ауруы жалпы улануға ұқсайды – дене қызуы 39-40 градуска жетеді, беті, көздің айналасы ісінеді, ұйқысыздық, бұлшықеттердің ауырсынуы, депрессия дамиды. Алғшқыда аяқтар, сосын арқа, іш, қолдар, мойын, тіл, бет еттері ауырады. Жылдар бойы ауруларда миокардит, пневмония, флебит, тромбоз, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі дамиды. Эозинофильді лейкоцидтер 80%-ға дейін көбеюі мүмкін.

Токсокара. Ішкі ағзаларда және көзде кездеседі (67%). Ішкі ағзаларда – бауырда, лимфа бездерінде, иммунды жүйе жетіспеушілігі, қанда 85% эозинофилия, созылмалы бронхит түрінде жүреді. Көз токсокаралары – ХХ ғасырдың 50 жылдары ағылшын дәрігері Н.Вилдер көз  обыры болған 24 ауруды зерттеген, оларда жиырма жағдайда токсокара байқалған.

Б.К.Боранбаева,

медицина колледжінің оқытушысы.

Белгілер (тэгтер)

Ұқсас мақалалар

Закрыть