ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ

Тұмауға тойтарыс

Иммунитет күшті болмаса, жылдың салқын мезгілдерінде суық тию мен жұқпалардан көз ашпайтынымыз рас. Сондықтан өзімізді қорғау үшін иммунитетті нығайту амалдарын білгеніміз жөн.

Нақтама қоямыз

Иммунитеттің нашарлағанын қалай білеміз? Бұның сіз білуге тиісті нақты белгілері бар. Ол үшін өзіңізді бақылаңыз. Сонымен, егер:

  • Кез келген салқын тию ұзаққа созылса. Жазылған соң да әлсіздік, ентігу, терлеу, бас айналу біраз уақыт кетпесе;
  • Ауырған соң асқынулар орын алса: гайморит, отит, ұшық шығу, фурункулез (сыздауық);
  • Басқа ағзалардағы созылмалы инфекциялық үдерістер қосылса. Көбіне адам зең жұқпасынан, жыныс ағзаларындағы созылмалы қабыну сырқаттарынан көп жылдар бойы арыла алмайды.
  • Суық тию мен грипп жылына 4 реттен жиі болса. Және деадам жақсылап емделсе де, ауру қайталана береді. Бірақ ауырған кезде дұрыс емделмей, үйде жатпай жұмыста жүре берсе, бұл иммунитеттің әлсіздігі емес. Баспаның жиі болуы да иммунитет нашарлығынан. Антибиотик ішсеңіз де, баспа жылына үш реттен жиі қайталанса, демек организмнің қорғаныш күші әлсіреген.
  • Аллергиялық реакциялар жиі байқалса. Кез келген аллергия иммунитеттің босаңсығанын білдіретіндіктен, аллергиясы бар адам организмді нығайту жолдарын ойлауы керек.        

Аталған белгілерді өзіңізден таптыңыз ба? Демек, иммуниетті күшейтуді қолға алу керек. Бірақ алдымен организміңізді ненің әлсірететінін біліп алыңыз. 

Тұрақты тамақтанбау

Қалай болса солай тамақтанбаңыз: бүгінде – тоя жейсіз, ертең – тағам құрамына қарамай, не болса соны жейсіз. Немесе үнемі емдәм сақтайсыз ба? Сөйтіп ақуыз бен майларды шектейсіз бе? Барлық буындар қалыпты жұмыс жасауы үшін ақуыз да, май да жеткілікті болуы тиіс. Әрине, майлы торттарды, сары майды, қуырылған етті жемеген дұрыс. Алайда аздаған мөлшерде май бізге қажет, өйткені олардан жасушалардың қабырғалары түзіледі. Ал жасушалар жұқпамен күреседі.

Дәрумендер жетіспеуі.

Иммуниеттің нашарлауына әсіресе С, А, D дәрумендерінің және мырыш пен селен секілді минералдардың жетіспеуі қатты әсер етеді.

……………………………………………………………………………………………………………..

Пайдалы кеңес:

Поливитаминдерді тұрақты түрде ішіңіз. Егер ауырып қалсаңыз, қосымша аскорбин қышқылын қабылдаңыз. Салқын мезгілдерде, тұмау жиілеген кезде күніне екі рет итмұрын қайнатпасын ішіңіз. Ұйықтар алдында бір түйір сарымсақ жеңіз. Егер исінен қорықсаңыз, құрамында сарымсағы бар препараттар сатып алыңыз. 

…………………………………………………………………………………………………………….. 

Ұйқы тапшылығы  

Иммундық және жүйке жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты. Егер организм жеткілікті дәрежеде демалмаса, иммунитет әлсірейді. Сондықтан  торығу, күйзелу де суық тиюге алып келуі мүмкін. Қатты стресс иммундық жасушалар жұмысын бұзады, ішек микрофлорасына әсер етеді.

……………………………………………………………………………………………………………..

Пайдалы кеңес:

Кешке босаңсып, демалатын уақыт табыңыз. Көзіңізді жұмып жата тұрыңыз. Ұйқыдан 2 сағат бұрын жүйкеге салмақ түсірмейтін істермен шұғылданыңыз: балаларға кітап оқып беріңіз, мысықпен ойнаңыз, серуендеңіз. Телефонмен сөйлеспеңіз, қорқынышты фильмдер қарамаңыз. Мүмкін болса, ұйықтар алдында хош иісті майлар (раушан, лаванда, жалбыз майлары) қосылған бұлауға жатыңыз. Ұйқыдан 1 сағат бұрын магний препараттарын қабылдаңыз.               

………………………………………………………………………………………………………………

Жұқпа көздері.

Егер грипп індеті кезінде жұмысқа қоғамдық көлікпен барсаңыз және жұмыстағылардың көбі түшкіріп-пысқырып отырса, ең мықты деген иммуниеттің өзіне көмек керек.

………………………………………………………………………………………………………………

Пайдалы кеңес:   

  • Таңертең жұмысқа барар алдында мұрын ішіне оксолин жақпамайын немесе ең болмағанда вазелин жағыңыз. Мұрын шырышты қабатын жауып тұрған майлы қабатқа микробтар «отырып қалады» да организмге енбейді.
  • Сұйық немесе түймедақ түріндегі эхинацея қабылдаңыз. Бұл өсімдік организмнің қорғаныш күшін айтарлықтай күшейтеді.
  • Мүкжидек морсын ішіңіз. Бұл жидектің иммунитетті көтеретін пайдалы әсері мол.

Ұқсас мақалалар

Закрыть