ХАЛЫҚ ЕМІ

Сарымсақ

Сарымсақтың сан түрлі қасиеттері бар екені көпшілігімізге аян. Ол тәннен, ішкі ағзалардан және тыныс алу жолдарынан зиянды бактерияларды, ішек паразиттерін шығарады, қан қысымын төмендетеді, оның үстіне түйіндердің дамуына тосқауыл қояды. Сарымсақ сондай-ақ обырға қарсы және антиоксиданттық қасиетке де ие.

Бір түйір сарымсақта 400-ден астам пайдалы заттар бар, ол организмдегі нашар холестериннің деңгейін төмендетеді, тамырларды тазартады, мультиморфты глиобластома (ми обырына себепші) жасушаларын жояды, күл, туберкулез таяқшасын және хеликобактерді (асқазан ойық жарасына себепші) жояды, құрттарды шығарады, т.б.

Сонымен назарларыңызға көптеген аурудан құтқаратын сарымсақ сусынын ұсынамыз:   

Мөлдір бөтелкеге әрқайсысы 4 бөлікке бөлінген 12 түйір сарымсақты саламыз. Үстіне 3 құты (стакан) қызыл шарап құямыз. Ыдысты жауып, терезе алдына, күн түсетін жерге 2 апта қоямыз. Күн сайын 2-3 рет шайқап тұрамыз. Содан кейін сүзіп алып, күңгірт бөтелкеге құйып қоямыз.  

Осы сусынды 1 шай қасықтан күніне 3 рет 1 ай бойы ішеміз. Дәрмек тәндегі тұздарды шығарады, жұмыс қабілетін арттырады, қанды тазартады, организмді сергітеді. Жүректі өте жақсы күшейтеді, заттар алмасуын жақсартады.  Әйел сырқаттары мен қабынулары кезінде аса пайдалы. Организмді зиянды қалдықтардан жайлы, зардапсыз тазартады.     

Белгілер (тэгтер)
Закрыть