ҚАПЕРІҢІЗДЕ ЖҮРСІН

Мүшел жас

Атам қазақ туған күннен бастап, өсіп-жетілу барысындағы қатерлі кезеңдерді ерекше ескерген және ол кезеңдерді мүшел жас деп атаған. Олар:

13 жас – кейбір іленәзік жасөспірім үшін қатерлі, себебі баланың өсіп -жетілу шағы бір қалыпты өтсе қауіп-қатер жоқ, ал аяқ-астынан өзгерсе, кейбір жасөспірімдер жүйке, жүрек дертіне шалдығуы бек мүмкін. Осындай мүшел жасқа келгенде «Ия, жаратқан ием Алла, мені осы мүшел жастан аман-есен өткізе гөр»- деп бір Аллладан тілеу керек.

25 жас – бұл мүшел жас адамның нағыз жігіттік шағы. Бұл жаста ер жігіттің денесі әбден дамып-жетіліп, қайраты толығады. Сондықтан бұл жаста садақа беріп, келесі мүшел жасқа қауіп-қатерсіз  жеткізе гөр деп дұға жасап қойған абзал.

37 жас – ғұмырдағы ең негізгі мүшел жас. Бұл жаста адам жігіттік шағынан өтіп, ақыл тоқтатады. Бұл адамның дүниеге қызығып та, қызғанып та қарайтын кезі.

49 жас – осы мүшел жас адамның даналыққа аяқ басатын кезі, ал кейбіреулер үшін немерелі болса да қартаятындығын елеп-ескермей, әлі де болса кәрілік шақ келмей тұрғанда ойнап күліп қалайын дейтін шақ.

61 жас – адамның ой-өрісі әбден-пісіп-жетіліп, дамып өзінен туған балаларына сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып,, жаман-жақсысын, аяқ алысын бақылап отыратын шағы.

73 жас – бұл мүшел жас қарттықтың басталған шағы, яғни отырса тұра алмай, тұрса отыра алмай, тұрса күлкісі жоқ, жатса ұйқысы жоқ, күш-қайтаты қайтып, сіркесі су көтермей діңкесі құрып, «қайран жиырма бесім-ай!» деп көкірегі қарс айырыла күрсінеіп, дөңбекшіп барып ұйқтайтын шағы.

85 жас – бұл жаста адамның миы кеуіп, бала-шағамен ұрысып керісіп, дау-жанжал туғызып, жоқ жерден шаң шығарып, жеген тамағын жеген жоқпын деп өкпешіл болатын шағы. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деген сөз жүр.

Адамға ризық-несібе беруіне лайық ризық-несібелі мүшел жастар -25, 37, 49, 61,73 жас болып есептеледі, ал 13, 85, 97, 109 т.с.с жастар еркелік мүшел жас деп, күнәсіз мүшел жасқа кіргізілген.

Сондықтан: « Кәрілік бір балалық, ал балалаық шақ-нағыз балалық» деп бағаланған. Ал 61 мен 73 жас жарым-жарты күнәлі мүшел  жас деп саналған.

Шипагер бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы егер жас арасы 3 жастан аспаса – тумалас, 5 жастан аспаса- құрдас-құрбылас немесе замандас деу керек депті.

Әр адам мүшел жасқап толғанда садақа берген, қайырымдылық жасаған, мейірімді болған, марқұм болып кеткен ата-әжесіне, әке-шешесіне Құран бағыштап қойғаны абзал. Алла ризалығы үшін жетім-жесірлерге, жоқ-жітіктер мен мүгедектерге садақа беріп, ал о дүниелік болғандарға дұға жасап қою – нағыз сауапты іс болып табылады.

Әділхан АЙМАҒАМБЕТТЕГІ,                                                              

жоғары санатты дәрігер        

Ұқсас мақалалар

Закрыть