ҚАПЕРІҢІЗДЕ ЖҮРСІН

Тек қана жаңа әзірленген тамақ ішіңіз

Ғалымдар жануарларға жасалған тәжірибелерге сүйене отырып, адамдарға жаңа дайындалған тағамдарды ғана тұтынуды ұсынады.

Олар тәжірибе үшін тышқандардың үш тобын алады да, бірінші топтағы тышқандарды тек жаңа дайындалған тағамдармен қоректендіреді. Екінші тобына суыған тамақты қайта ысытып береді, үшінші тобына пісірілгеніне бес сағат өткен ескі тағамды жылытып береді. Бір ай өткен соң ғалымдар үшінші топтағы тышқандардың қырылып қалғанын көреді. Олардың кейбіреулерінің жүні түскен, базбіреулері сырттай еш өзгеріс болмаса да өліп қалыпты. Анатомиялық тексерулерден кейін олардың асқазандары мен бүйректерінде патологиялық өзгерістер пайда болғаны анықталды.

Екінші топтағы тышқандар бұлардан екі-үш ай артық өмір сүрді. Ал жаңа дайындалған тағамдарды жеген тышқандардың үш жыл бойы денсаулықтары мықты бопты.

Ғалымдар осыған қарап ескірген тағамдар жәндіктердің ғана емес, адамдардың да денсаулығына залалын тигізетінін дәлелдеп отыр. Көп жағдайда адамдар өз денсаулықтарының жылытпа тамақ ішкеннен бұзылып жатқанын мойындағысы келмейді. Кейде әйелдер тамақты екі-үш күнге немесе бір аптаға бір-ақ даярлап тоңазытқышқа салып қояды. Мұндай тамақ ас болып жарытпайды. Жаңа тағам адам ағзасындағы жасушаларды жаңартып, жасартып, күшейтіп тұрады. Өйткені жаңа дайындалған тамақтың құрамы осындай күшейткіш заттарға бай. Тамақ ескірген сайын оның құрамындағы пайдалы заттар азая бастайды.

Осы жайттарды кәперге ала отырып, адамдар тек жаңа дайындалған тағамдарды ғана ішіп-жеуге тиіс деген қорытындыға келуге болады. Егер жаңа тамақ  әзірлеуге уақытыңыз немесе мүмкіндігіңіз болмаса, балғын  жемістер мен көкөністер жеңіз дейді ғалымдар.

Белгілер (тэгтер)

Ұқсас мақалалар

Закрыть