КЕРЕК ДЕРЕК
Адам және психика жайлы

- Адамдықтың белгісі ақылың мен мінезің. Адам болам десең, осы екеуін түзегін.
- Ақылдыға ақша бітсе, көңілі гүл ашады, ақылсызға ақша бітсе, аузынан жын шашады.
- Ақылман дегендердің арасында ақымақтар да бар. Өмір өзгерсе, ақымақ пен ақылды атауы да өзгеріп тұрады. Өзгермейтіндер өз Отанына, ұлтына шын берілгендер.
- Ақыл, дарын, парасат адам баласында туа бітетін асыл қасиеттер. Адамның туа біткен асылдары екінің бірінде бола бермейді, асылын қорғап, дамыта білгендер ғана нағыз адам.
- Сынықты салсаң, сипап отырып саласың. Сынған көңілдің жарасын сыйлап жүріп жазасың.
- Ибалылық – имандылықтың белгісі.
- Адам жанын түсінбейтін адамнан өзіңді түсінуді талап ету – құрғақ құдыққа шелек салғанмен бірдей.
- Адам баласының бойын билеп алатын сезімдердің ішінде сағыныштан тәтті, өкініштен ауыр сезім болмаса керек. Сағыныштың тәттілігі – сарғайта күттіреді, өкініштен ауыр болатыны – өзегіңді өртейді.
Нұрмұқан Жанұзақұлы