КЕРЕК ДЕРЕК

Депрессия

Депрессия  (қамығу, торығу) – бұл адамның жүйке жүйесінің бұзылуы арқылы пайда болатын ауру. Онымен ауырғанда адамның көңіл-күйі төмендейді, ойлау жүйесі бұзылады, сарыуайымға салынады, өткен оқиғаларға пессимистік көзқарасы қалыптасады. Адамның өзіне-өзі есеп беру қабілеті төмендеп, өмірге деген қызығушылығы азаяды. Жер беті тұрғындарының 10 пайызы 40 жастан асқан соң депрессияға ұшырайды, олардың үштен екі бөлігі әйелдер.

         65 жастан асқандар арасында депрессияға ұшырағандар жастарға қарағанда үш есе көп.

         Бұл ауруға ұшырағандарды аптадан астам уақыт қадағалап, нақтамасын қоюға болады.

         Жүйке жүйесінің бұзылу сипатын Гиппократ пен ежелгі Мысыр  дәрігерлері ертеден-ақ анықтап берген болатын.

         Депрессия кезінде ми мен жүйке жасушалары арасындағы биохимиялық тепе-теңдік бұзылады. Мидың депрессия кезіндегі осындай өзгерісін томография арқылы байқауға болады.

         Кейбір көңілді, қуанышты оқиғалар да, мысалы, оқу орнын бітіру, үйлену, жаңа жұмысқа тұру, пәтер алу сияқты көңілді көріністердің өзі науқас адамның жүйкесіне дұрыс әсер етпеуі мүмкін.

         Үзбей темекі шегетін, ішімдік ішетін және есірткі пайдаланатын адамдардың отыз пайызға жуығы депрессияға ұшырайды. Депрессиямен ауыратындардың сүйектерінің тығыздығы төмендейді. Әйелдерде мұндай жағдайда остеопороз өршиді.

         Жүрек талмасымен ауыратындар, жүректеріне ота жасатқандар арасында бұл аурумен ауыратындар қатары екі есеге өскен.

         Экономикасы дамыған елдерде депрессия ең көп тараған психикалық жүйке ауруы болып табылады.

         10-16 жас арасындағы балалар мен жасөспірімдердің 6 пайызы депрессияға ұшырайды, олардың 4,9 пайызының мәселесі өте күрделі.

         Осы дертке шалдыққандардың 80 пайызы емделгісі келмейді.

Ұқсас мақалалар

Тағы оқыңыз

Закрыть
Закрыть