КЕРЕК ДЕРЕК

Шала бала

  • Жүктіліктің толық 37 аптасына жетпей, салмағы 2500 грамнан кем, бойы 45 сантиметрден қысқа болып туылған нәресте шала туған болып саналады.
  • Дүниеге келгенде салмағы 150 грамнан кем туылған шақалақ аса шала туылған болып, ал салмағы 1000 грамға дейін болса – дене салмағы айрықша төмен болып есептеледі.    
  • ДДҰ анықтамасы бойынша, кем дегенде 22 аптаға толған және салмағы 500 грамнан жоғары сәби ғана өмір сүруге қабілетті саналады. 
  • АҚШ-та дүниеге келгендердің 12,8 пайызы мерзімінен бұрын туылады. Францияда шала балалар саны 1995-2005 жылдар аралығында 25 пайызға өскен. Ал Англияда соңғы 25 жылда 30 пайызға артып отыр.
  • Батыста шала туған балалардың 80%-ы аман қалады.
  • Салмағы 1500 грам болып туылған шақалақтар кювезде екі аптаға дейін жата алады.
  • Мерзімінен 2 ай ерте туылған нәресте 2 ай кеш аунай бастайды.   
  • Баланың шала туылуына 36% жағдайда анасының жасы себеп. Баланы кеш көтеруден өзге нәрестенің айы-күні толмай туылуына болашақ анадағы жыныстық жұқпалар мен бұрын жасатқан жасанды түсіктері кінәлі. 
  • Шала балаларда, әдетте, негізгі рефлестер әлсіз келеді. Бұлшық ет тонусы төмен, ол дене температурасын тұрақты күйде ұстап тұра алмайды және емшек еме білмейді.      
  • Шала нәрестенің дене бітімі әдеттегідей емес – аяқ-қолы мен мойны қысқа. Терісі тым жұқа, түкті. Құлақтары жұмсақ. Теріасты май қабаты жеткілікті түрде дамымаған.
  • ВВС-дің хабарлауы бойынша, Ұлыбритания үкіметі шала туған балаларға медициналық көмек көрсетуге жылына 1 млрд фунт стерлинг жұмсайды.   
  • Айы-күні толып туған балалармен салыстырғанда шала балалар тыныс ағзалары сырқаттарына – бронхитке, өкпе қабынуына бейім.
  • Бір жарым-екі жасқа жақындағанда шала баланың өзге балалардан айырмашылығы білінбей кетеді.  

Ұқсас мақалалар

Закрыть