КЕРЕК ДЕРЕК

Тіл

Тілдің орташа ұзындығы – 9 см, ені – 5 см, салмағы – 50 г.

Адамның тіліндегі түйіндер саны 300-ден 5000 дейін, олар 10 күннен артық өмір сүрмейді, орнына басқалары өседі.

Тілге қарап, адамның қандай сырқаттармен ауыратынын білуге болады. Егер тілде тістің ізі байқалса, демек дисбактериоз бар деген сөз. Тілдегі жарықтар қан, эндокриндік жүйе аураларының, бүйрек патологиясының белгісі.

Тілдің таңбасы саусақ таңбалары секілді бірегей.

Біздің тіліміз 16 түрлі бұлшық еттен тұрады.

Тіл беткейінде емізікшелер, шұңқыршалар бар. Тілде тамақ қалдықтары қалатындықтан, оның беткейі көптеген бактериялар үшін қолайлы жер.

Тамақ өнімінде 0,5 пайыз қант болған жағдайда, тіл тәтті дәмді, 0,25 пайыз тұз болғанда – тұзды дәмді, 0,002 пайыз ащы болғанда – ащы дәмді сезеді, ал қышқыл дәмді сезу үшін 0,001 пайыз қышқыл жеткілікті.

Біздің тіліміз минутына 80 қимыл жасайды. Өзінің қимылдағыштығы арқасында ол тамақты шайнауға, оны сілекеймен шылауға, тісті қатты тағамнан тазартуға, шайналған асты өңешке итеруге көмектеседі.

Адамның тілсіз сөйлеуі мүмкін емес.

Алғашқы айларда нәрестенің тілі ересек адамның тілі секілді, тек әлдеқайда қалың және аз қозғалады.

60 жасқа қарай адам дәм сезу рецепторларының 50 пайызынан айырылады.

Ұқсас мақалалар

Закрыть