КЕРЕК ДЕРЕК

Венерологиялық аурулар

  • Венерологиялық аурулар  –  бұл жыныстық қатынастар арқылы жұғатын жұқпалы аурулар тобы. Олар – мерез, соз, лимфогранулематоз және т.б.
  • 1527 жылы француз оқымыстысы Ж.де Бетанкур венерологиялық аурулар терминін латынның Veneris (Венера), көне римдіктердің махаббат құдайы деген сөзінен алып пайдалануды ұсынған. Бүгінде «жыныстық жолмен жұғатын ауру» (ЖЖЖА) деген термин де жиі қолданылады.
  • Бактериялар арқылы тарайтын  (жұғатын) венерологиялық аурулар – соз, хламидия жұқпасы, мерез –  уақтылы  емдесе жазылатын аурулар. Сондай-ақ вирустар арқылы жұғатын ЖИТС (жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы), генитальдық ұшық және үшкір кандилома ем қонбайтын аурулар тобына жатады.
  • Еуропада венерологиялық аурулар XV ғасырдың аяғында кеңінен таралды.  Оған отаршылдық соғыстар, қалаларда жезөкшеліктің етек алуы ықпал етті.
  • ЖЖЖА-мен ауырып дәрігерге көрінгендердің 70 пайызына «хламидиоз» деген нақтамаға қойылады.
  • Сұр спирохета – суды 48 градусқа дейін қайнатқанда 30 минуттан кейін ғана, ал 100 градусқа жеткенде бірден өлетін вирус. Қоздырғыш төмен температурада жақсы өмір сүреді.   
  • Мерездің 97 пайызы жыныстық қатынас арқылы тарайды. Бұл аурудың қоздырғышы – сұр спирохета дымқыл бет сүрткіш пен жуыну жөкесінде бірнеше сағат өмір сүре алады.
  • Егер науқасты уақтылы анықтап, дер кезінде емдемесе венерологиялық ауру созылмалы және өткір түріне айналады да емдеуге бой бермей асқынып кетеді.
  • Жер шары тұрғындарының 10 пайызы паразиттік жұқпалы трихомониазбен ауырады дейді Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы.
  • Жұбайлардың адалдығы және мүшеқап жыныстық қатынастан жұғатын жұқпалы ауруларға бірден-бір тосқауыл. Алайда ерлердің 24,8 пайызы ғана жыныстық қатынас кезінде мүшеқап пайдаланады.

Ұқсас мақалалар

Тағы оқыңыз

Закрыть
Закрыть