МАХАББАТ МЕКТЕБІ

Еркектердің контрацепциясы

Негізінен осы уақытқа дейін жүктіліктен сақтану, яғни контрацепция әйелдердің шаруасы деп саналып келді. Алайда, дүниежүзілік тәжірибенің мәліметтеріне сүйенсек, отбасын жоспарлауда еркектердің контрацепциясы бұрыннан қолданылып келеді екен. Бұл тек демографиялық жағдайлары шиеленіскен елдерде емес, батыстың экономикасы дамыған елдерінде де жүзеге асырылуда.   

Еркектердің механикалық ұрық байлауға қарсы заттарына күйек (презерватив, кондом) жатады. Бұл жыныстық қатынас кезінде ермүшеге кигізілетін жұқа резеңкеден жасалған қалташа. Қолданылуының қарапайымдылығына және қолжетімділігіне қарамастан, күйектердің бір кемшілігі – жыныстық қатынас кезінде серіктердің сезімдерін өзгертуі немесе бұрмалауы. Бұл ұрық байлауға қарсы заттар қынапқа шәуеттің түсуіне механикалық тұрғыда жол бермейтін, еркектердің негізгі контрацепциясы болып табылады. Соңғы уақытта қолдану қарапайымдылығына, зиянсыздығына және жоғары нәтижелілігіне байланысты олардың қолдану жиілігі артты. Қазір күйектер тек механикалық ұрық байлауға арналған зат қана емес, сонымен бірге жыныстық жолмен жұғатын аурулардан, әсіресе ЖИТС-тен (Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы) және С гепатитінен сақтандырады.

Күйек сипаттамасына келсек — ұзындығы 15-20 см, диаметрі 2,5-3,5 см, қалыңдығы 0,03-0,7 см болатын синтетикалық жұқа латекс резеңкеден жасалған қап. Күйектер шәуітке қарсы жабындымен жабылады, бұл тек механикалық қана емес, сонымен қатар химиялық тосқауыл. Күйек қасабаға оның қозуы кезінде киіледі, сондықтан жыртылып кетпеуі үшін күйектің бас жағынан 1,5 см бос кеңістік қалдырған жөн. Ол жерге жыныстық қатынас кезінде шәуіт жиналады. Ерлі-зайыптылар бұл контрацепция түрін дұрыс қолдана білуі шарт.

Еркек фертильділігін немесе ұрықтылығын реттеудің әр түрлі амалдары бар. Соның ішінде – гормондық реттеу, яғни еркек ұрықтылығын басу үшін гормондық препараттармен (эстрогендер, андрогендер, антиандрогендер, пргестиндер) сперматогенезді бұзу жүргізіледі. Ең дұрысы, гормондық емес химиялық қосындылар болып табылады. Олар шәуіттің пісіп-жетілу үрдісіне әсер етеді. Осы мақсатта L-хлоргилинді, S-энантиомер G-хлор-G-диоксигексозды, салазосульфапиринді және басқалар, сонымен қатар өсімдіктерден жасалған (госсипол, гликозид, ТW, т.б.) препараттар қолданылады.

Үзіліп қалған жыныстық қатынас жүктіліктен айтарлықтай сенімді сақтаныдыра алады, бірақ бұл физиологиялық әдіске жатпайды. Сондықтан оны қолдану еркектің де, әйелдің де денсаулығы үшін зиян. Бұл кезде жыныстық серіктердің екенуінде де оргазм (жыныстық қанағат) фазасы бұзылады, сол себепті эмоциялық зорығу пайда болады. Бұл кейін түрлі ауытқуларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан үзіліп қалған жыныстық қатынасты жүктіліктен сақтану үшін қолдана беруге болмайды.

Кейде контрацепция мақсатында еркектерге хирургиялық ұрықсыздандыру жүргізіледі. Яғни ұрық шығаратын түтіктер екі жағынан кесіліп, оларды бунақ жіптермен байлап тастайды немесе ұрық шығаратын түтіктерді кесіп, электрокоагуляция жасау арқылы күйдіріп тастайды. Бұл ота тек медициналық көрсетімдер бойынша және тек еркектің өзінің келісімімен жасалады. Кей жағдайларда (еркек қайта үйленген, баласы өлген жағдайда. т.б.) бұл қолайсыз әдіс. Яғни бұл отадан кейін еркектің ұрпақ өрбіту қабілетін қалпына келтіру аса қиын. Сондықтан қазір бұл әдістің қайтымды әдісі – химиялық агенттермен инъекциялық вазокклюзия қолданылады.

Еркектерді химиялық ұрықсыздандыру әдістері қазір АҚШ-та, Еуропа елдерінде, Қытайда кең өріс алған.

Х.Нұржанов, акушер-гинеколог

Б.Исингазина, Алматы медицина колледжінің оқытушысы

Д.Ербазарова, Алматы медицина колледжінің оқытушысы

Белгілер (тэгтер)

Ұқсас мақалалар

Закрыть