МАХАББАТ МЕКТЕБІ

Махаббат туралы қызықты деректер

  • Егер әйел мен еркек экстремалды, оқыс жағдайда кездессе, олардың бірін-бірі ұнатып қалу мүмкіндігі анағұрлым жоғары екен. Бұны арнайы зерттеулер дәлелдеген.
  • Антидепрессанттар серотонин деңгейін көтеретіндіктен ғашықтық сезімін жояды. Серотониннің мол болуы эмоцияларды, сүйген адамың туралы ойларды бәсеңдетеді.
  • Монтесума есімді мексикандық әмірші шоколадты «махаббат есірткісі»  санаған. Ол алты жүз әйелі бар гареміне барарда 50 құты шоколад ішіп алатын болған.
  • Ертеде адам тері иіссулар мен махаббат сусындарына қосылған.
  • Адамдардың басым бөлігі үйленгенге дейін шамамен жеті рет ғашық болады.
  • Ешқашан ғашық болып көрмеген кісілер гипопитуитаризммен сырқаттанады. Бұл сирек ауруға шалдыққан адам махаббат эмоцияларын сезіне алмайды.
  • Қарым-қатынасты тоқтату «махаббат фрустрациясына» жиі алып келеді. Ол кейбіреулерді өзін тастап кеткен адамды бұрынғыдан бетер жақсы көруге мәжбүрлейді.
  • Шәуіт ғашықтыққа сеп болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, оның құрамында дофамин («махаббат гормоны») және норадреналин, сондай-ақ дофамин өндіру үшін миға қажетті дофтирозин и аминқышқылдары бар.
  • Ғашық болған кезде қоғамдық пікірге реакция тудыратын нейрондық буындар басып-жаншылады. Сондықтан адам өзінің сүйетін адамы туралы өзгелердің пікіріне құлақ аспайды.
  • Психологтардың айтуынша, біз ата-аналарымызға ұқсас адамдарға жиі ғашық боламыз. Өйткені санамыздың түбінде оларға қатысты шешілмеген мәселелер қалады. Сол арқылы, өзіміз бұны сезбесек те, есейгенде сол түйткілдерді шешуге ұмтыламыз.
  • Ғашықтыққа ұмтылу – ас-су мен төсек қатынасына деген қажеттілік секілді қарапайым биологиялық қажеттілік.
  • Үйленуге дейінгі қатынас қаншалықты ұзақ болса, отбасы да соншалықты берік болмақ. Тез ғашық болып, бір-біріне өліп-өшкендердің некелері көбіне ұзаққа созылмайды.
  • Ғашықтық шамамен бір жылға созылады, өйткені ми романтикалық шаттық сезімін осынша уақыт сақтай алады.
  • Ерлі-зайыптылардың көбі некенің төртінші жылында ажырасады. Осы кезеңнен аман-есен өтетін болса, тағы төрт жылдан соң шаңырақтың беріктігі арта түседі.
Белгілер (тэгтер)

Ұқсас мақалалар

Закрыть