МЕДИЦИНА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Оптимистер тез сауығады

Өмірге оптимистік көзқараспен қарайтын кісілер тіпті ауыр сырқаттардан да тез жазылады. Бұл тек жалпыға белгілі пікір ғана емес, ғылыми зерттеулермен дәлелденген шындық. Солтүстік Каролинадағы Дьюк университетінің ғалымдары 15 жыл бойы жүрек сырқаттары бар 2800 науқасты бақылады. Зерттеу нәтижелері бойынша уайымшыл адамдармен салыстырғанда өмірге оптимистік көзқараспен қарайтын адамдардың сауығып кету мүмкіндігі 30 пайызға артық екендігі анықталды. Бұл пікір жүрек сырқаттары бар адамдарға қатысты. Ғалымдардың пікірінше, адамның жеке көзқарасы мен сырқатқа деген қатынасы сауығу үдерісіне айтарлықтай әсер етеді.

Белгілер (тэгтер)
Закрыть